21:01, 08 Тамыз 2022 | GMT +6
Ақмола облысында қала көшелеріне әл-Фараби мен Роза Бағланованың есімі берілмек
АҚКӨЛ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы 6 көше мен бір шағынауданның атауы өзгеруі мүмкін. Ақкөл аудандық мәслихаты осындай ұсыныс жазылған қаулыны ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мир көшесі - әл-Фараби, Первомай көшесі - Роза Бағланова, Привокзальная көшесі - Абай, Береговая көшесі – Жағалау, Горная көшесі – Атамекен, Абай көшесі – Аманат және Мектеп-интернат шағынауданы - Сарыарқа шағынауданы болып өзгертілсін», - делінген қаулыда.
Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлдың 16 көшесіне қазақша атау берілгенін жазған едік.