Ақмола облысында қала әкімі жемқорлыққа жол беретін заң бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қала әкімі жемқорлыққа жол беретін заң бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы аудандық прокуратураның Атбасар қаласының әкімдігіне 2013 жыл бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде заңдылықты сақтау жөнінде жүргізген тексерісі барысында анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Тексеріс барысында Атбасар қалалық әкімдігімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу барысында мемлекеттік сатып алу және жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының өрескел бұзуға жол берілгені анықталды.

Тексеріс нәтижесіне сай аудандық прокуратура Атбасар ауданының әкімінің атына қала әкімі А.Ивашинды жемқорлыққа жол беретін заң бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс жасады.

Ал, 14.05.2014 жылы Ақмола облысы бойынша тәртіптік кеңестің шешімімен Атбасар қаласының әкімі А.Ивашин жемқорлыққа жол беретін заң бұзушылық жасағаны үшін "Лауазымдық қызметіне толық сай емес екені жөнінде ескерту" түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар