Ақмола облысында іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық полиция басқармасы тарапынан Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі «қарақшылық» бойынша іздеуде жүрген қылмыскерлердің бірі Омбы қаласының әуежайында ұсталып, РФ УМВД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қылмыскер 2019 жылдың 10 қарашасында Көкшетау қаласындағы сауда орындарының біріне сыбайласымен бірге кіріп, дүкеншіге дене жарақатын салып ақша талап еткен. Денсаулығы үшін қорыққан дүкенші оларға талап еткен ақашасын бірген. Кейін негізгі күдікті көп ұзамай ұсталды. Ал оның сыбайласы ізін суытты. Сот үкімінен кейін оған халықаралық іздеу жарияланды», - дейді ведомстводан.

Іздеуде жүрген екінші қылмыскерге Атбасар ауданды ПБ тарапынан іздеу жарияланған. 1980 жылғы ер адам да Қылмыстық кодексінің 192 бабының 2 бөлігі «қарақшылық» бойынша сотталған. Ол 6 жыл жазасының 4 жылын өтеген соң мерзімінен бұрын босатылған. Ер адам төрт адамнан тұратын қылмыстық топтың құрамында болған. Атбасар ауданы және Көкшетау қаласындағы жалғыз басты қарияларға қарақшылық жасаған.

«Ол мерзімінен бұрын босатылған кейін, пробациялық бақылауға уақтылы келмеген. Жедел іздестіру барысында оның Солтүстік Қазақстан облысы аумағында өз бетімен қаңғырып жүргені анықталды», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар