Ақмола облысында іздеуде жүрген екі қылмыскер қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының полиция қызметкерлері іздеу жарияланған екі қылмыскердің жасырынып жүрген жерін анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Щучье қаласының аумағында ҚР ҚК 392-бабы 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша Жамбыл облысы полиция департаментінің Меркі аудандық полиция бөлімі іздестіріп жатқан қылмыскерді ұстады. Қазіргі кезде ұсталған адам қамауға алынды», - деді Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, Целиноград ауданының Криминалдық полиция қызметкерлері Ақмол ауылында ҚР ҚК 346-бабы 5-бөлігі «көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі» бойынша іздестіріліп жатқан қылмыскер қолға түсті. Ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 15 қаңтарынан бастап Ақмола облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар