Ақмола облысында іздеуде жүрген 3 ресейлік ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясы аумағында іздеуде жүрген үш қылмыскер Ақмола облысында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Іздеу» мемлекетаралық арнайы операциясы, «Келімсек» және «Заңдылық» жедел – алдын алу шарасы кезінде Ресей Федерациясы аумағында іздеуде жүрген бес қылмыскер Ақмола облыс аумағында анықталды. Оның үшеуіне Омбы облысы бойынша Ресейдің ІІМ басқармасы іздеу жарияланған.

«Есірткі затын өткізіп, саудалаған үшін РФ ҚК 228-бабының 4-бөлігі бойынша сотталған екі қылмыскер Көкшетауда ұсталды. Бұдан бөлек, РФ ҚК 159-бабының 2-бөлігі бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ҚР 35 жастағы тұрғынының мекенжайы анықталды.

Тағы екі қылмыскер Нұр-Сұлтан қаласы мен Аршалы ауданы аумағында ұсталды. Оның бірі - ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша көлік құралын басқару кезінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін, екіншісі, ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген», - деп айтты ведомстводан.

Сонымен қатар, шара шеңберінде полиция қызметкерлері базар, қоғамдық тамақтану, оқу орындары, жеке құрылыс алаңдары сияқты шетелдік жұмыс күші қолданылатын орындарды тексеруде.

Соңғы жаңалықтар