Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен балықшы табылмай жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен балықшы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазанның 10 күні сағат 14:30 шамасында Көкшетау қаласының 38 жастағы тұрғыны Александр Петрухин Бурабай ауданындағы кіші Шабақты көліне балық аулауға кеткен. Кешкісін ер адам адам туыстарымен байланысқа шықпаған. Іздестіру шарасына қатысушылардың сөзінше, көлдің жағасында ер адамның көлігі, кейін қайығы мен судан құтқару кеудешесі табылған.

Ер адамды іздестіру шарасына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған. Іздестіріліп жатқанына 3 тәулік өтсе де әзірге еш нәтиже жоқ.

Аймақтық ІІД мәліметі бойынша қазіргі кезде 3  іздеу тобы құрылған. Оған қоса, ТЖД қызметкерлері мен сүңгурлер тартылуда. 

Соңғы жаңалықтар