Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 7 жастағы жасөспірім іздестірілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 7 жастағы жасөспірім іздестірілуде.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, 10 тамыз күні кешкі сағат 18:30 шамасында Қорғалжын аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне 1974 жылғы жергілікті азамат хабарласып, аудан орталығынан 18 шақырым орналасқан «Әлішер» шаруа қожалығының жайлауында 7 және 5 жасар екі баласының жоғалып кеткенін айтып көмек сұраған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері сол маңнан 200 метр жерден, Нұра өзені жағасынан жоғалған балалардың аяқ киімін тапқан.

Кейін өзенді сүзіп шыққан құтқарушылар 2009 жылғы баланың денесін суға батқанын анықтады.

Қазіргі кезде жасөпірімнің денесі судан шығарылып мәйітханаға жіберілді. Ал жоғалған екінші бала Астана қаласының судан құтқару қызметінің көмегімен іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар