Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 17 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, биылғы жылғы қаңтардың 8-де Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне Бұланды ауданының 41 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 жастағы студент баласының каникул кезінде, яғни 4-ші қаңтар күні үйінен кетіп қалғанын айтқан. Жасөспірімнің ұялы телефоны өшірулі болған.

«Жасөспірімнің жоғалғандығы туралы арыз төрт күн өткен соң түсті. Ата-анасы баласының үйге қайтып келеді деп күткен. Бастапқыда туғандары мен таныстарынан сұрап өздері іздеді, одан нәтиже шықпаған соң кейін полицияға хабарласты. Іздестіру шараларына Көкшетау қалалық ПБ жеке құрамы тартылды, оның ішінде учаскелік инспекторлар да бар», дейді ведомстводан.

Сол күні, яғни қаңтардың 8-де жасөспірімнің облыс орталығында жүргені анықталды.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, жасөспірім жұмысқа орналасып үлгерген. Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспіріммен профилактикалық әңгіме өткізіп, есепке қойды.


Соңғы жаңалықтар