Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған мүмкіндігі шектеулі ер адам іздестірілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған мүмкіндігі шектеулі 34 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 11-ші қаңтар күні сағат 12:00-де Бұланды аудандық ПБ кезекші бөліміне Макинск қаласының 45 жастағы тұрғыны хабарласып, 34 жастағы інісі Нұрлан Есмағамбетовті іздеуге көмек сұрады.

Оның айтуынша, інісі 8 қаңтарда сағат 17:00 шамасында үйінен шығып, ағасына аттанған. Кейін қайтып үйіне оралмаған.

«Белгілі болғандай, жоғалған ер адам бұған дейін бірнеше рет үйден кетіп қалған. Ол екінші топтағы мүгедек. Соңғы рет 2018 жылдың 10 ақпаны мен 17 наурызы аралығында облыстық психоневрологиялық диспансерінде ем қабылдаған. Ауруханадан шыққаннан соң бірден Нұр-Сұлтан қаласының «Адал ниет» жеке қайырымдылық қорына рәсімделіп, онда 2020 жылдың 30 желтоқсанына дейін болды. Содан кейін әпкесінің жанында болды»,-деді ведомстводан.

Жоғалған адамның ерекше белгілері: Ақсаңдап жүреді, бойы 155-160 см, дене бітімі жұқа келген, шашы қысқа. Үстіне қара куртка, қара бас киім, қара етік және шалбар киген.

«Жоғалған адамды көрген және жүрген жерін білетін адамдар болса, бірден құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз»,-деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар