Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы қыз іздестірілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы қызға іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін, 28 қыркүйек күні Көкшетау қалалық полиция басқармасына 51 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 20 жастағы қызы Айшолпан Маратқызы Сыздықованы іздеуге көмек сұрады. Әкесінің сөзінше, қызы кеше сағат 15:00-де үйінен шығып, қайтып оралмаған.

«Жедел іздестіру шарасына Полиция департаментінің жеке құрамы тартылды. Полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, тексеруде. Туыстары мен таныстары, достары, көршілері және әріптестерінен түсініктеме алынды. Сонымен бірге, Көкшетау қаласының көшелеріндегі бейнебақылау камералары тексерілуде», - дейді ведомстводан.

Айшолпан үстіне қызғылт түсті спорттық костюм, қара шалбар, қара кроссовка киген. Бойы 1,65-1,66 см. Дене бітімі орташа, шашы ұзын, қара түсті. Көзі қара. Қолында күйіктің іздері бар.


Соңғы жаңалықтар