Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен 63 жастағы ер адамға іздеу жарияланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен 63 жастағы ер адам іздестірілуде.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, Ақмола облысы Ақкөл қаласының тұрғыны 1952 жылғы Ердібек Тұрғамбаев 2015 жылдың 9 қазанында үйінен шығып, кейін қайтып оралмаған. Оның бойы 170-175 сантиметр шамасында, дене бітімі орташа, тік мұрынды, жұқа ерінді, құлағы үлкен.

Үстіне қара түсті куртка, сұр бас киім, көк түсті күртеше және қара түсті шалбар мен жазғы ақ киім киген.

Ол туралы кез келген ақпаратты ІІД кезекшілік бөліміне 8(7162) 291007, 299010, және ІІД ӘПБ 291056, 291114, 291009 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар