Ақмола облысында инвестициялық өсім 235,8 миллиард теңгені құрады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімдігінде өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің отырысында облыстың 2019 жылдың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің орындалу қорытындылары, су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысы талқыланды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев есепті кезеңде экономиканың барлық салалары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілгенін баяндады.

Нақты көлем индексі кен өндіру өнеркәсібінде, тамақ өнімдерін, резеңке мен пластмасса бұйымдарын өндіруде, машина жасау саласында артты. Ауыл шаруашылығында жиынтық өнім көлемі 348 миллиард теңге шамасында болды. Инвестициялық өсімі 9 пайыз қамтамасыз етіліп, 235,8 миллиард теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 18 пайызға артты», дейді ведомвстоның баспасөз қызметі.

Жиында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев салалық басқармаларға, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне инвестициялар тарту, ауыл халқының сапалы ауыз суға қол жеткізуін арттыру, көпбалалы және аз әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдаумен толық қамту, меморандумдарда қарастырылған негізгі индикаторларды орындау бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Ал, бюджеттің орындалу қорытындысы туралы қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндады. Бюджет көлемі 199,6 миллиард теңгені құрады, оның жоспарланған шығыс бөлігі 99,3 пайызға орындалды.

Өңір басшысы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаржысының толық игерілуін қамтамасыз етуді және есеп айырысу тәртібінің бұзылуына жол бермеуді тапсырды.

Үшінші мәселе бойынша баяндама жасаған Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов су басу қаупі бар елді мекендерді инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралармен облыстың 14 ауданы қамтылғанын мәлімдеді.

«Жиынды қорытындылған Ермек Маржықпаев табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне 2017-2020 жылдарға арналған жол картасында қарастырылған су басу қаупінің алдын алу мен жою жөніндегі кешенді шаралар қолдануылуын қамтамасыз етуді тапсырды», дейді ведомство.

Соңғы жаңалықтар