Ақмола облысында интеллектуалды марафон өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетауда Наурыз мейрамы мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған интеллектуалды марафон өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен «Kazahstan Innovation» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан» телерадикорпорациясының облыстық филиалы жəне «Любимый город» газеті бірлесіп, ұйымдастырған шараға 20 жуық көкшетаулық қатысты.

Акцияның мақсаты - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мен қазақ халқының салт-дәстүрлері мен əдет-ғұрыпы құндылықтарын насихаттау.

Марафонға қатысушылар сәнді етіп безендірілген «HAMER-лимузин» көлігімен Көкшетаудың ең əсем жерлерімен жүріп өтті. Ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға «ЭКСПО-2017», Наурыз мейрамы жəне еліміздің тарихы туралы сұрақтар қойылды.

Алғашқылардың бірі болып, марафонға қатысқан апалы-сіңілілі Гүлден мен Айнагүл Наурыз көженің құрамы, «Асар» ұғымы мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатын елдер туралы айтып берді.

Барлық қатысушыларға белгілі ақын, аламан айтыскер, жампоз жазушы, драматург Баянғали Əлімжановтың «Ұла дала аңыздары- Абылайхан жəне оның батырлары» кітабы сыйға берілді.

Марафон эстафетасы одан əрі аудан жəне қалаларда жалғасын таппақ. Оның ең белсенді қатысушылары Көкшетауда өтетін «ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған қорытынды шараға қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар