Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында өңірдегі ең ірі кәсіпорын іске қосылмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2015 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында "Көкше-Цемент" ЖШС-іне тиесілі жаңа цемент зауытын іске қосу жоспарланған. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА-нің өңірдегі тілшісіне аталған кәсіпорын директоры Мұрат Молтұсынов мәлім етті.

Оның айтуынша, Индустрияландыру картасы шеңберінде қолға алынған зауыттың құны жоба бойынша 30 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Зауыт іске қосылған кезде жылына 2 миллион тонна цементтің 20 түрін шығару жоспарланған. Сондай-ақ 700 адамды жұмыспен қамту көзделген.

«Қазіргі кездері құрылыс жұмыстарын аяқтап, цемент шығаратын технологиялық желіні іске қосу алдындағы дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы күні нысанның 80 пайызға жуығы дайын. Алдағы 2015 жылдың ортасына қарай зауытты іске қосуды жоспарлап отырмыз», - дейді кәсіпорын директоры.

Соңғы жаңалықтар