Ақмола облысында халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы қолға түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша ағымдағы жылдың 22 мамырында облыс аумағында жүргізілген «Заңсыз келуші-2017» жедел алдын алу шарасы барысында Целиноград ауданының ІІБ көші-қон полициясының қызметкерлері Ақмол ауылында 29 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматын ұстаған. Тексеріс барысында шетелдікті Ресей Федерациясы аумағында РФ ҚК 116-бабының 2-бөлімі бойынша (бұзақылық) қылмыс жасағаны үшін Оңтүстік Сахалин қаласының ІІМ басқармасы халықаралық іздеуге бергені анықталды.

Еске сала кетейік, «Заңсыз келуші-2017» жедел алдын алу шарасының алғашқы күні 486 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 196 шетелдіктің келу мерзімі қысқартылды.  Қазақстан аумағына келу ережесін бұзғаны үшін 427 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса, ҚР аумағынан шетелдіктерді шығарып жіберу жөнінде 30 сот актісі қабылданды.

Соңғы жаңалықтар