Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам іздестірілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен 61 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы 30 маусымда Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 1960 жылы туған әкесі Болатбек Қорғанбекұлы Батталовты іздеп табуға көмек сұраған.

Ұлының айтуынша, әкесінің бойы 165-170 см, дене бітімі орташа, шашы қысқа, көзі қоңыр, мұртты. Үстіне қара трико, сұр жиде, сұр қалпақ, аяғына қара түсті аяқ киім киген. Ер адам ұмытшақ ауыруымен ауырады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Полиция қызметкерлері кез келген жоғалған ер адамға қатысты қандай да бір мәліметі бар адамдарға «102» арнайы желісіне қоңырау шалуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар