Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен 15 жасар қыз табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 15 жасар қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Веденовка ауылының 47 жастағы тұрғыны хабарласып, 20 қыркүйектен бері із-түзсіз жоғалған қызы Аягөз Сағындыққызы Қапезованы іздеп табуға көмек сұраған.

Оның айтуынша, 15 жасар қызы белгісіз бағытта кетіп қалған.

Ал 22 қыркүйек күні кешкі 21.30 шамасында жедел іздестіру кезінде жоғалған жасөспірім табылды.

«Қазіргі уақытта бойжеткен ата-анасына тапсырылған. Оған қатысты қандай да бір заңға қайшы әрекет жасалған-жасалмағанын тексеріп жатырмыз» деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жасөспірімді табу үшін Б урабай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, сондай-ақ қоғам өкілдері жұмылдырылды . Жасөспірімінің туыстары, достары, сыныптастары, достары, такси жүргізушілері, көршілерінен сұралды.

Кейіннен 15 жасар қызбен әлеуметтік желіде танысқан 24 жастағы жігіт туралы мәлімет белгілі болды. Олар Аягөз жоғалған күні кездесеміз деп уағдаласқан.


Соңғы жаңалықтар