Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 37 жастағы ер адам ажал құшты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданында газ баллоны жарылып, 37 жастағы ер адам ажал құшты. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қайғылы жағдай 15 қыркүйек күні түнгі 01:30 шамасында Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында орын алған. Жеке меншік үйлердің бірінде болған өрттен ас бөлмедегі газ баллоны жарылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1978 жылғы ер адамның мүрдесі табылды», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар