Ақмола облысында ет өңдеу саласын дамытуға мән берілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ет өңдеу саласы қарқынды дамуда. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен әкімдіктің мәжілісінде айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Мәжілісте баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Д.Әділбековтің айтуынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде өңірде ет өңдеу кешеңдерін дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
«Үш ауданда түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Айталық, Бурабай ауданында жылдық қуаты - 1 500 тонна ет өңдейтін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Бұланды ауданында бройлер құс фабрикасы, Шортанды ауданында 13 00 басқа арналған шошқа кешені және жылына 60 мың тонна қаз етін өндіретін ферма салынуда.
Шортанды ауданында 3 мың сиырдан тәулігіне 120 мың литр сүт алынып, оны өңдейтін кәсіпорын ашылатын болады.
Оған қоса «Родина» агрофирмасы сауын сиырларының санын 2 000 басқа дейін арттырып, сүтті-тауаралы ферманы кеңейтуді көздеп отыр», деді Д.Әділбеков өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар