Ақмола облысында есірткі затымен ұсталынған ресейлік әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында есірткі затымен ұсталынған ресейлік әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот азаматша Г-ның Ресей Федерациясы аумағында бұған дейін де сотталғандығын және Ақкөл қаласында аса ауыр қылмыс жасағанын анықтады.

Сотқа белгілі болғандай азаматша Г. өз үйінде аса көп мөлшерде героин есірткі затын заңсыз айналысу мақсатында сақтаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында Г-ның үйін тінтіген полиция қызметкерлері полиэтиленді бумада марихуана тапқан. Бұдан басқа салмағы 269,67 грамм болатын героин салынған пакет табылды.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азаматша Г. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі 3-тармағы, 296-бабының 2-бөлімі (есірткі заттарды, өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау), (есірткі заттармен заңсыз жұмыс істеу) кінәлі деп танылып, оған барлық мүлкін тәркілеумен 11 жыл мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар