Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталып, олардан 16 келіден астам есірткі заты (гашиш) тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмола облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, 16 келіден астам есірткі заты (гашиш) және 17 миллион 500 мың теңгеден астам ақша тәркіленді. Үш адамнан тұртатын қылмыстық топ Нұр-Сұлтан қаласы және елорда маңындағы аудандар аумағына аса ірі мөлшерде (гашиш) есірткі затын жеткізу, сақтау және өткізумен айналасықан», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі «аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарманың бастығы, полиция подполковнигі Мейрам Жапбасов.


Соңғы жаңалықтар