Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан 35 жастағы ресейлік қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Степногор қаласында есірткі саудасымен айналысқан 35 жастағы ресейлік қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, күдікті Ресей азаматы болса да ұзақ уақыт Степногор қаласында тұрып келген. 2008 жылы «нашақор» ретінде наркологиялық есепке алынған. Сонымен қатар, осыған дейін есірткі саудасымен айналысқаны үшін сотты да болған.

2 ай бойы есірткі бизнесімен күресу жөнінде бөлімше қызметкерлерінің назарында болған күдікті өз пәтерінен 10 грамм марихуана алып шыққан кезінде қолға түсті.

Кейін пәтерін тінту барысында бірнеше бөлектеп тыққан барлығы 10 келі марихуана тәркіленді.

Осыған байланысты күдіктінің үстінен ҚР ҚК 297-бабы (аса ірі көлемде есірткі затын сақтап, саудалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар