Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.18 EUR 426.14
RUB 5.98 CNY 54.86
Jańalyqtar

Ақмола облысында есірткі саудалап жүрген зейнеткер ұсталды

2018 жылғы 23 сәуір 11:38 359
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында есірткі саудалап жүрген зейнеткер ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданында ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан зейнеткер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда криминогендік жағдай тұрақты - Ерлан Тұрғымбаев ҚР ҰҚК Қазақстаннан Қытайға заңсыз шикізат тасымалдап келген қылмыстық топты құрықтады

Полицейлердің дерегі бойынша, 62 жастағы әйел 18-ші сәуір күні Дамса ауылында қолға түскен.

«ІІД Есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері қарияның 2,4 грамм есірткі (героин) саудалағанын бірнеше апта бұрын анықтаған. Бұл ірі көлем болып саналады. Осыған байланысты қарияның үйін тінту кезінде екі тағы бума есірткі заты табылды. Қазіргі кезде тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Содан кейін ғана оның салмағы және есірткінің қай түріне жататыны анықталады», деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлімі бойынша соталды өндірістік іс қозғалды.

Егер қарияның қылмысы дәлелденсе онда ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.

Фото: gazeta-uzhnoe-tushino.info

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT