Ақмола облысында есірткі сатпақ болған 57 жастағы ер адам қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында есірткі сатпақ болған 57 жастағы ер адам қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Жақсы-Атбасар тас жолының бойында "Мазда 626" автокөлігін тоқтатып, ішін тінту барысында 127,7 грамм кептірілген есірткі затын тапты.

Тексеріс барысында белгілі болғандай, көлік жүргізуші 1957 жылғы Атбасар қаласы тұрғынының Жақсы ауданы аумағында есірткі сатпақ болғаны анықталды.

Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 259 бабының 2 бөлімі бойынша (заңсыз есірткі айналымы) қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар