Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10 мыңнан астам бала тұрады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Жыл сайын елімізде 1 Маусым - Халықаралық балалар күні аталып өтіледі. Степногор қаласының әкімі өңірдегі ерекше балаларды осынау күнмен құттықтап, демеушілер атынан сыйлықтар үлестірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Степногор қаласында мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді.

Қызметтерді 13 әлеуметтік қызметкер, бөлім меңгерушісі және консультант ұсынады. Балаларды әлеуметтендіру үшін бөлімше мамандары қамқорлықтағылардың бос уақытын ұйымдастырады. Ол үшін үстел ойындарын, кітап оқуды пайдаланады, кітапханалық қызмет көрсетуді, танымдық экскурсияларды, түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды ұйымдастырады, «Шебер қолдар» үйірмесінің сабақтары өткізіледі, онда балалар әлеуметтік қызметкерлермен бірге қолөнер, ойыншықтар жасайды.


Осы күні демеушілік қаражат есебінен ерекше балалар құттықталып, демеушілер атынан сыйлықтар үлестірілді. Атап айтқанда, «Қазақалтын ТКМК» АҚ, «Энтерпрайз» ЖШС тұрақты негізде тәтті сыйлықтар ұсынады, «Аманжол_М» ЖШС - 2019 жылы қысқы комбинезондар, 2020 жылы спорттық костюмдер, 2021 жылы төсек-орын жиынтықтары, тәтті сыйлықтар, «Astana - Nan Chemicals» ЖШС бөлімше үшін 15 жаңа орындық сатып алу бойынша көмек көрсетті.

«Карантин жағдайына байланысты бүгін барлық балаларды шақыруға мүмкіндік болмады, қала әкімі ерекше балаларға сыйлықтарды табыс етті, қалғаннын волонтерлер және әлеуметтік қызметкерлер таратып беретін болады», - дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары.

Айта кетейік, аймақта ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10 мыңнан астам бала тұрады. Оларға ерекше көңіл бөлініп, жергілікті ұйымдармен қажетті көмек көрсетіліп келеді.

Еске сала кетейік, шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қайырымдылық істер марафоны» аясында өткізілді.


Соңғы жаңалықтар