Ақмола облысында ер адам «ВАЗ-2106» көлігімен электр бағанына соғылып, мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмды, тағы біреу зардап шекті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша жол-көлік оқиғасы 9 наурыз күні түнде Степногор қаласына қарасты Ақсу кентінде орын алған.

«Автомобилшілер көшесімен жүріп келе жатқан «ВАЗ-2106» көлігінің 1989 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, электр бағанына соғылды. Осының салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ, Аршалы ауданындағы Вишневка стансасының маңында «Wolrswagen Passat» көлігінің 1964 жылғы жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген жерінен жүгіріп шыққан 1985 жылғы мас ер адамды қағып кеткен.

Зардап шегушi түрлі дене жарақатымен Аршалы аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде, жаяу жүргіншінің спирттік ішімдік ішіп, жолды кесіп өтпек болғаны анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар