Ақмола облысында ер адам шатырдан құлап, мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногор қаласында 39 жастағы ер адам шатырдан құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 7 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Степногор қаласындағы кəсіпорындардың бірінде болған. Бұл туралы қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем қызметінің диспетчері хабарлаған.

«Мерт болған адамның Степногор қаласының 1969 жылғы тұрғыны екені анықталды. Оның жергілікті кəсіпорындардың бірінің шатырын жөндеп жатқанда абайсызда жерге құлап кеткен. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 156-бабы бойынша сотталды іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде», - деді ІІД  баспасөз хатшысы Əсем Əбдрахманова.

Соңғы жаңалықтар