Ақмола облысында ер адам бөтелкелесін ұрып өлтіріп, денесін қораға жасырған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бөтелкелесін өлтіріп, мал қорасына жасырған ер адам 9 жылға сотталды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА-ның тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мəліметі бойынша, Ерейментау аудандық соты бұрын сотталған азамат Ж-ға қатысты қылмыстық істі қарған.

"Сот анықтағандай, Ж. есімді ер адам спирттік ішімдік ішіп, өзінің танысын ұрған, яғни басынан оқтаумен ұрып, содан соң тепкілеп тастаған. Алған дене жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болады. Азамат Ж. үшінші танысының көмегімен мәйітті мал қорасына апарып, шөппен жауып, жасырған", деп көрсетілген хабарламада.

Сот үкімімен азамат Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен  («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») кінәлі деп танылып, оған жазасын жалпы режимдегi түзеу колониясында өтеумен 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар