Ақмола облысында ер адам 8 қап кварц рудасымен ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының 38 жастағы тұрғыны 8 қап кварц рудасымен ұсталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша сәуірдің 10-ы күні таңғы сағат 08:35 шамасында Степногор қаласына қарасты Ақсу кентінде 1978 жылғы Заводской кентінің тұрғыны мінген «Ауди 80» көлігі тоқтатылған.

«Көліктің ішін тінту барысында жүк салғышынан 8 қап кварц рудасы табылды», - деді полицейлер.

Қазіргі кезде табылған заттай айғақтар тәркіленіп, күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.

Сонымен қатар,  ҚР ҚК 334-бабы бойынша (заңсыз жер қойнауын пайдалану) қылмыстық іс қозғау мәселесі де қаралуда.

Соңғы жаңалықтар