Ақмола облысында ер адам 6 жасар қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында суретке түспекші болған ер адам мен 6 жасар қызы Үлгілі сарқырамасына құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Онда Зеренді ауданындағы Үлгілі сарқырамасында қызымен бірге ер адамды су ағызып келе жатқандығын көруге болады.

Зеренді ауданы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сарқырамаға құлаған адам Көкшетау қаласының тұрғыны. Сарқырамада суретке түспекші болған ер адам 6 жастағы қызымен бірге абайсызда суға құлап кеткен. Оларға куәгерлер көмек қолын созды.

«Кеше, сәуірдің 17-сінде сағат 16:35-те Зеренді аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне көкшетаулық 2015 жылы туған қыз бала түсті. Ол жеңіл жарақтан алды, медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді», - деп түсіндірді аудан әкімдігінен.

Әкімдіктің мәліметінше, бұдан басқа зардап шеккендер болған жоқ.


Соңғы жаңалықтар