Ақмола облысында «Еңбек адамына» құрмет көрсетілді (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетаудағы «Тыныс» АҚ-да бүкіл еліміз бойынша аталып өтіліп отырған «Еңбек күні» және «Машина жасаушылар күні» қос кәсіби мерекеге арналған салтанатты шара өтіп, онда ұжым еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.

Еске сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 22 қарашасында арнайлы Жарлыққа қол қойып, Еңбек күнін жариялаған болатын. Осыған орай, бұл мереке жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіліп келеді. Осы орайда, қатарынан екінші жыл атап өтіліп жатқан «Еңбек күнімен» тұспа тұс келген «Машина жасаушылар күні» кәсіби мерекесі қарсаңында облыс экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырған «Тыныс» АҚ-ның еңбек ұжымын құттықтап, сый-сияпат көрсету дәстүрі биыл да жалғасын тапты. Салтанатты шараны ұжым еңбеккерлерін құттықтау сөзімен ашқан облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков бұл күн әрбір қазақстандық үшін ең маңызды және жарқын мереке екендігіне тоқтала келе зауыт жұмысшыларына облыс әкімі Сергей Кулагиннің ыстық сәлемін жеткізді. Шара барысында кәсіпорынның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жатқан бірқатар еңбек озатына облыс әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды. Сондай-ақ, облыстық кәсіподақтар федерациясының төрағасы Кеңес Бекішев, Ақмола облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұнарбек Батырханов және «Тыныс» АҚ-ның бас директоры Қуаныш Рыспаев сөз сөйлеп, ұжым мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Жиын соңы жергілікті көркемөнерпаздардың орындаудағы мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар