Ақмола облысында ең үздік Аяз ата анықталады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шучье-Бурабай курорты аймағында «SantaFest-2018» фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мәліметі бойынша, Бурабай курортының танымалдылығын арттыру және ең үздік Аяз атаны анықтау мақсатында 5 қаңтар күні ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты «Бурабай Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «BurabayLand» ойын-сауық саябағында «SantaFest-2018» фестивалі өтеді.

«Фестивальдің басталуы сағат 12:00-ге жоспарланған. Қатысушылар өздері әзірлеген (ойын, ән, ертегі, би) бағдарламаны ұсынады. Ең үздік Аяз ата халықтың дауыс беруі арқылы анықталатын болады», - деді Туристік ақпарат орталығынан.

Белгілі болғандай, фестивальға Аяз атаның образын сомдайтын кез келген актер қатыса алады.  Қатысушылар өз бағдарламаларын әзірлеуі тиіс, сондай-ақ қойылымдарын сүйемелдеу үшін өздерінің эльфтер командасын әкелулеріне болады. Фестиваль қорытындысы бойынша ең үздік Аяз ата анықталып, бағалы сыйлықпен марапатталады. 

Соңғы жаңалықтар