Ақмола облысында ең үздік әлеуметтік жоба анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетаудағы Достық үйінде үздік әлеуметтік жобалар көрмесі болып өтті.

Аталмыш көрме облысымызда осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Өткен жылы «Мен бәрін істей аламын! Менің қолымнан бәрі келеді!» атты жобаны ұсынған Көкшетау қаласындағы психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және тірек-қозғалтқыштық аппараты бұзылған мүгедек балаларға медициналық әлеуметтік көмек көрсететін мекеме байқау жеңімпазы атанған болатын. Биылғы жылы байқауға жеті жоба қатыстырылып отыр. 

Олардың басым көпшілігі - өмірде қиын жағдайға тап болған мүгедек балаларды оңалту, қоғамда өз орындарын табуға көмектесуді мақсат еткен жобалар. Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту мақсатында жыл сайын облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп келе жатқанын айта келе, бүгінгі күні облыс аумағында 20 мың мүгедек тіркелгенін және осы салада  еңбектерімен көзге түскен бірқатар үкіметтік емес ұйымдарды ерекше атап өтті.

Олардың арасында «Ақкөлдегі №1 балалар үйі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетаудағы «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі,  Степногорскідегі «Ерлік» тірек қимылы аппараты бұзылған мүгедектердің қоғамы мен «Балапан» мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар қоғамы, Атбасар қаласындағы «Целина» қоғамдық қоры және Жарқайың ауданындағы «Ақмола облысы мүгедек балаларды қолдау қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі бар.

Осылайша, қазылар алқасы ақылдаса келе, «Көкшетау қаласы мен Краснояр кентінде 1-ші топтағы мүгедектерге және 18 жасқа толмаған қозғалып жүруі қиын балаларға үйлеріне барып, паллиативті көмек көрсету орталығын ұйымдастыру» жобасын ұсынған Көкшетау қаласындағы «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігін жеңімпаз деп таныды. Енді, бұл ұжым алдағы уақытта іріктеуден өтсе, Шымкент қаласында өтетін республикалық көрмеде облыс намысын қорғайтын болады. 

null null null  

Соңғы жаңалықтар