Ақмола облысында ең мықты түйе балуан анықталды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ең мықты түйе балуан анықталды.

Ерейментау қаласында есімі әлемге әйгілі Қажымұқан Мұнайтпасовтың 145 жылдығына арналған қазақ күресінен облыс біріншілігі өтті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен додаға облыстың әр өңірінен және Астана,  Петропавл қалаларынан келген 120 балуан қатысып,  9 салмақ бойынша бақ сынады. Оның 11-і ҚР спорт шебері болса, 2-еуі халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Кілең мықтылардың арасында көкшетаулық Мереке Тұрашев «түйе балуан» аталымы бойынша жеңімпаз атанып, 350 мың теңгенің жүлдесіне қол жеткізді.

Жеңімпаздарды аудан әкімі Ермек Нұғыманов құттықтап, жүлделерін тапсырды. 

2 3 

Соңғы жаңалықтар