Ақмола облысында елік атқан қорықшы ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында учаскелік инспектор браконьерлікпен айналысқан қорықшыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, 13 қаңтарда Ерейментау аудандық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы «Браконьер» жедел алдын алу шарасы кезінде Ақсуат ауылы маңында аңшылық шаруашылығының 40 жастағы қорықшысын қолға түсірді.

«Өзіне бекітілген аумақты тексеру кезінде учаскелік инспектор қарда жүретін көлікті көзі шалып қалады. Полиция қызметкері көліктің соңына түсіп, ауылдан шыға берісте қуып жетеді. Қарда жүретін көлікті тізгіндеген жергілікті орман шаруашылығының қорықшысы екені анықталды», - дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, жедел - тергеу тобы күдіктіден «Иж-54» маркалы қосауыз мылтық, 12 калибрлі мылтық, еліктің еті және орман шаруашылығына тиесілі қарда жүретін көлікті тәркіледі.

«Осы оқиға байланысты ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге «Міндетті түрде келіп отыру» процессуальдық шарасы қолданылды», - деп толықтырды ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар