+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Ақмола облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

2020 жылғы 20 қазан 14:58
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында өтіп жатқан «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында төрт елік атқан 3 браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 18-де Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне «Тұлпар-2» экипажы хабарласып, «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 25 шақырымында Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны басқарған «Нива» көлігі тоқтатылғаны және көлік ішінен төрт еліктің еті, тегіс ұңғымалы 16 колибрлі мылтық пен 26 оқ-дәрі табылғанын айтқан. Тексеріс кезінде бұларға рұқсат құжаттары болмаған. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек, облыс орталығының 28 және 52 жастағы тұрғындары болған.

«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 337 бабының 1 бөлігі «заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведмстводан.

Сонымен бірге, табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инспекторлары Зеренді ауданының Викторовка ауылының маңындағы Айдабол көлінде заңсыз балық аулау оқиғасы анықтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT