Ақмола облысында электриктің өліміне байланысты іс қозғалды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жұмысшының өліміне байланысты полиция іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сәуірдің 21-де Зеренді аудандық Полиция бөліміне жергілікті ауылдардың бірінде 55 жастағы тұрғынды ток соғып, қайтыс болғаны туралы хабар түскен.

«Қайтыс болған ер адам Көкшетау қаласының тұрғыны, жергілікті қосалқы станцияда жұмыс істегені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қосшы қаласында 5 жасар баланың терезеден құлап кетуіне байланысты полиция іс қозғаған еді.


Соңғы жаңалықтар