Ақмола облысында электр трансформаторын тонап кеткендер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында электр трансформаторын тонап, 37 млн теңге шығын келтірген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша 2016  жылдың қыркүйек айында Көкшетау қалалалық ІІБ осы жылдың маусым айында облыс орталығындағы «Жансая» тұрғын үй кешені аумағында станса аралық трансформатордан 13 дана вакумды ажыратқышты ұрлап кеткені туралы арыз түсті. Осыған байланысты ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімі бойынша «ұрлық» қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті 28 жастағы қостанайлық қолға түсті. Тергеу барысында оның бұрын мүлік ұрлығы үшін сотты болғаны және  екі сыбайласы Шортанды және  Зеренді аудандарының тұрғындары қолға түсті. Кейін тағы бір сыбайласы Қостанай облысы Әулиекөл ауылының тұрғыны ұсталды. Қазіргі кезде, күдіктілер қылмысын толық мойындады.

Сонымен қатар,  күдіктілердің 2014 жылы аталған «Жансая» тұрғын үй кешеніндегі жоғары вольті қондырғының 17 дана  қосалқы бөлшегі, мыс дөңгелегі және электрлі автоматы жымқырып, 37 000 000 теңге шығын келтіргені әшкереленіп, заттай айғақтар тәркіленді. Оған қоса, 2015 жылы «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю стансасы мен Қан құю орталығында тонап кеткені анықталды.

Қазіргі кезде, тергеу амалдары жалғасуда», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар