Ақмола облысында электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге жымқырылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысында электрмен жабдықтау станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражаты жымқырылған. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылсуат ауылында жаңа құрылыс аумағына арналған электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің басшысына және «РемСтройСервис ПВ» мен «MS-Energy» ЖШС басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты.

Істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратурамен бірлесіп тергеді. Қылмыстық істің барлық қатысушыларына нақты жаза, бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сотталған кәсіпкерлер мен ЖШС қызметкері коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды, ал ТКШ басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқара алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар