Ақмола облысында экс-əкімнің үстінен екі бірдей іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Есіл ауданы Курск ауылының бұрынғы əкімі  В. Рогозныйдың үстінен екі бірдей соталды өндірістік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың 17 наурызында Есіл қаласындағы аудандық ауруханасына 02.04.1971 жылы туған Баржақсы Бексұлтанұлы Жамышев есімді адам «Жабық ми сүйегі жарақаты, ауыр деңгейдегі ми соққысы, сол жақ маңдай сүйегінің сынығы» диагнозымен түскен. Ер адам арада 5 күн өткен соң 22 наурызда көз жұмды", дейді баспасөз қызметінен.

Марқұмның туыстары Баржақсының өліміне Есіл ауданы Курск селосының бұрынғы əкімі  В.Рогозный кінəлі деп отыр.   Сол себепті оған қатысты сот алды тергеу амалдары қолға алынып отыр.

"Қазіргі кезде Б.Б.Жамышевтің өліміне байланысты В.Рогозныйдың үстінен ҚР ҚК 105 бабының 1 бөлігі бойынша (өзін өзі өлтіруге итермелеу) сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.

Нақты шешім жүргізілген сараптама қорытындысы мен істің мəн-жайы анықталғаннан кейін ғана шығарылады.

Зардап шеккен жақтың өкілі .Б. Тасеменованың арызы бойынша соттық-медициналық сараптама тағайындалды.  Қазіргі кезде, сараптама қорытындысы əлі дайын емес", деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, В.Рогозныйды үстінен  ҚР ҚК 346 бабының 1 бөлігі бойынша (көлік жүргізу құқынан айырылған тұлғаның көлік басқару) сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. 

Еске сала кетейік, жақында осы оқиғаға байланысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Онда кеңес мүшелері В.Рогозныйды ҚР «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабының 8 бөлігі 1 бөлімі, ҚР Мелекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің бірқатар ережелерін бұзғанын анықтап,   Есіл ауданының Курск селосы әкімі лауазымынан босату туралы ұйғарымға келген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар