Ақмола облысында екі жұмысшы бетон плитаның астында қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жарқайың ауданының Державинск қаласында су құбырының бойында орын алған апатты жою кезінде екі жұмысшы бетон плитаның астында қалды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Келеңсіз жағдай Державинск қаласы Бейбітшілік көшесіндегі №71 тұрғын үй маңында орын алған. Жарылған су құбырын жөндеу барысында шұңқыр ішіне топырақ опырылып кетіп, «Коммунсервис» коммуналдық кәсіпорнының 1993 және 1995 жылғы екі жұмысшысы бетон плитаның астында қалды. Анықталған мәлімет бойынша, екеуі де оқиға орнында қаза тапты.

Құтқару жұмыстарына аудандық ТЖБ жеке құрамындағы 3 адам және 1 арнайы техника, «Союз» серіктестігінен 2 адам және 1 техника, «Коммунсервис» коммуналдық кәсіпорнынан 6 адам және 2 техника және 1 жедел жәрдем қызметі тартылды.

Соңғы жаңалықтар