+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ақмола облысында екі шенеунік әдеп бұзғаны үшін жұмыстан қуылды

2019 жылғы 24 тамыз 15:32
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында екі шенеунік әдеп бұзғаны үшін жұмыстан қуылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кезекті Әдеп жөніндегі кеңес отырысында екі мемлекеттік органдардың басшыларын жұмыстан босату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда 3,6 млн теңге алимент төлемеген борышкер сотталып тынды Алматы облысының тұрғындары жол және мүлік қауіпсіздігіне алаңдаулы СҚО-да кәсіпкерлер бизнес-омбудсмен Болат Палымбетовпен кездесті

Бурабай ауылының әкімі Талғат Амантаев қызметтік автокөлікке алкогольдік мас күйінде отырған. Әкімді Щучинск қаласының жол полициясы қызметкерлері «Самал» дәмханасының жанында тоқтатып, содан кейін медициналық куәландыруға жіберді.

Талдау нәтижесі жеңіл дәрежедегі алкогольдік мастықтың болуын көрсетті. Осыған байланысты , Бурабай аудандық сотының қаулысымен Талғат Амантаев ҚР ӘҚтК 608 б. 1 т. бойынша кінәлі деп мойындалып, оған үш жыл бойы автокөлік құралын жүргізу құқығынан айыру жөніндегі әкімшілік жаза қолданылды .

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Амантаев Т.Б. жасаған ісіне өкінді, бірақ Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бұл теріс қылық одан әрі мемлекеттік қызметте еңбек етуге сәйкес келмейді деп есептеді.

Сонымен қатар, қарамағындағылармен қарым-қатынас кезінде қызметтік этиканы, еңбек тәртібін өрескел бұзуға жол берген Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жасұлан Шәймерденовті атқарып отырған лауазымынан босату ұсынылды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT