Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ақмола облысында екі компания қант бағасын себепсіз көтеріп жіберген

2022 жылғы 13 сәуір 11:01

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі ірі жеткізуші көтерме саудамен сатылатын қанттың бағасын шектен жоғары көтерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент қызметкерлері жүргізген талдау кезінде анықталды.

«Талдау қорытындысы бойынша екі ірі көтерме сауда сатушысының іс – әрекетінде бағаны белгілеу және (немесе) ұстап тұру бөлігінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды», - деп жазды агенттіктің баспасөз қызметінен.

Қазір екі жеткізушіге қант бағасын негізделген деңгейге дейін төмендету қажеттігі туралы хабарлама жіберілді.


Автор:

Аслан Оспанов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары