Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, бір адам жантәсілім етті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ерейментау ауданы арқылы өтетін «Астана-Шідерті» тасжолында екі көлік соқтығысты, бір адам мерт болды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Оқиға таңғы сағат 05.06 шамасында орын алған. Ақмола облысының Ерейментау ауданы арқылы өтетін «Астана-Шідерті» тас жолының 185 шақырымында «Хово-371» жүк көлігі мен «HYUNDAI H-1» автокөлігі соқтығысып қалған. Салдарынан соңғы көліктің 1961 жылғы жүргізушісі Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны Масығұт Мақұлбековтың өлі денесін құтқарушылар шығарып алды.

Соңғы жаңалықтар