+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақмола облысында екі көлік соқтығысып,  бір адам көз жұмды, бес адам ауруханаға түсті

2021 жылғы 24 қазан 16:07
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында екі көлік соқтығысып,  бір адам көз жұмды, бес адам ауруханаға түсті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Ақмола облысында «Көкшетау-Қостанай» тас жолында екі көлік соқтығысып, 41 жастағы жолаушы көз жұмды, тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жас жігіт көпірден секірмекке әрекеттенген Ақмола облысында автосервис механигі ұрлаған автокөлікпен жол апатына ұшырады Оралда полиция қызметкері полиция ғимаратында атылып өлді

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау-Қостанай» автожолының 25 шақырымында, яғни Еленовка ауылының маңында болған. Бұл туралы ағымдағы жылдың 22-ші қазанында сағат 16:15-те Зеренді АПБ кезекші бөліміне хабар түскен.

Анықталғандай, Қостанай қаласына бағыт алған «Volkswagen Golf» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) рульді басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны басқаруған «KIA Sportage» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысты.

«Салдарынан алған дене жарақаттарынан «Volkswagen Golf» көлігінің жолаушысы Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Бұдан бөлек, Ақмола облыстық ауруханасына түрлі дене жарақатымен «Volkswagen Golf» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, «KIA Sportage» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді», - деді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT