Ақмола облысында екі елік атып алған браконьерлер ұсталды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Сібір еліктерін атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 желтоқсан күні Зеренді аудандық полиция бөліміне жергілікті аңшылық шаруашылығының инспекторлары қоңырау шалып, Баратай мен Қызылсай ауылдарының арасында заңсыз елік ату дерегі анықталғанын хабарлаған.

«Анықталғандай, аңшылық шаруашылығының инспекторлары мен полиция қызметкерлері «УАЗ» автокөлігін тоқтатқан. Көлікте 65 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы болды. Полицейлер көлікті тексерген кезде АТА ARMS маркалы бір ұңғылы мылтық, МР-153 маркалы үш ұңғылы мылтық табылды. Машинаның жүксалғышында оқтың іздері бар екі сібір елігінің өлекселері анықталды», - деп бөлісті ведомстводан.

Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 337-бабының 3-ші бөлігі «заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуальдық шешім қабылданады.

Айта кетсек, желтоқсанның 1-нен бастап Ақмола облысы аумағында республикалық «Ақбөкен» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Акция барысында полиция қызметкерлері облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының инспекторларымен бірлесіп рейдтер жүргізетін болады.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында «Газель» жыраға құлап, бір адам көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар