Ақмола облысында екі бірдей қарақшылық жасаған азамат құрықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі бірдей адамға қарақшылық шабуыл жасап, тонаған адам қолға түсті, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметі бойынша, оқиға Ақкөл қаласында орын алған. Аудандық ІІБ-іне азаматшадан оның қолындағы сөмкесін белгісіз біреудің жұлып алып, ізін суытқаны жөнінде арыз түседі. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен. Ал араға үш сағат салып, жергілікті такси жүргізушісінен осындай тағы бір арыз түседі.

Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, оған бір жас жігіт белгілі бір жерге жеткізіп салуға өтініш жасаған. Алайда, тиісті жеріне жетіп алған ол такси жүргізушісіне жолақысын берудің орнына бірнеше жерден пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан тайып тұрған.

Нәтижесінде зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізіледі.

Осыған байланысты барлық жол-патрульдік қызмет жасақтары ескертіліп, қала аумағында жедел қолға түсіру шаралары қолға алынады. Нәтижесінде күдікті алысқа қашып үлгірмей әмбебап полицейлердің қолына түседі. Кейін ол өзінің қылмысын мойындап, не себепті мұндай қарақшылық қылмысқа барғанын айтып берген.

Қазір полицейлер күдіктіге қатысты ҚР ҚК 1-бөлімінің 178-бабы (тонау) және ҚР ҚК 3-бөлімінің 257-бабы (бұзақылық) бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар