Ақмола облысында екі бала трактордың астына түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында орақ науқаны кезінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай қыркүйектің 6-да Қорғалжын кентінде болды.

«Анықталғандай, балалар елдімекен ішімен келе жатқан шөп тиелген трактор тіркемесінің бекіткішіне шығып, одан құлап, доңғалақтың астынан түскен.

Соның салдарынан алған дене жарақатынан 8 жастағы ұл бала сол жерде көз жұмса, 5 жасар қыз дене жарақатынан Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасына жеткізілді. Трактор жүргізушісі сау болған», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, бірқатар сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар