Ақмола облысында екі бала суға батып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кәмелет жасына толмаған екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы мамырдың 25-де сағат 17:23 шамасында Аршалы ауданы ӨКМ кезекшісінен №42 разъезд станциясының жанында белгісіз жағдайларда кәмелетке толмаған екі баланың суға батып кеткені туралы телефон хабарламасы түскен.

«Іздестіру жұмыстарына Аршалы аудандық ТЖБ жеке құрамынан екі адам және 1 техника, Аршалы аудандық ПБ жеке құрамынан бес адам және 1 техника, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан төрт адам және 1 техника жұмылдырылды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, оқиға орнына келген бойда №42 разъезд станциясынан 200 метр қашықтықта суға батып кеткен 2013 жылы туған екі баланың 1-сынып оқушылары екені анықталды.

«Мән-жайларды анықтау, сондай-ақ куәгерлерден сұрау кезінде ата-анасының сұранысынсыз үш бала үйден шығып, жоғарыда көрсетілген учаскеде шомылуға барғаны белгілі болды. Шамамен 16:30 кіші ұлы үйге жүгіріп келіп, әкесіне шомылып жүрген ағалары көмек сұрағанын айтты. 16:55 әкесі бір баланың денесін судан алып шықты. Кейін сағат 18:34-те Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД қызметкерлері суға батқан екінші баланың денесін алып шықты. Сот медициналық сараптама тағайындалды», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар