Ақмола облысында екі адам итті бауыздаған

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлері Атбасарда жануарларға қатыгездік көрсету фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою фактісін анықтады. Түнде екі адам көшеде итті байқап, оны тамаққа пайдалану шешімін қабылдағаны алдын-ала анықталды.

«Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған», - деп жазды министрліктен.

Бұл факт ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасуда, полицейлер оқиғаның басқа жағдайларын анықтауда.


Соңғы жаңалықтар